Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі жылда сөз айтқандар көп": Бірінші күйеуімен ажырасқан Сиви Махмуди тұрмысқа шығуға дайын екенін жеткізді

Опубликовано:

Сиви Махмуди
Сиви Махмуди. Фото: instagram/sivi_makhmudi

Елімізге танымал өнер жұлдызы Сиви Махмуди "Менің өмірім" бағдарламасында қонақ болып, екінші рет күйеуге шығуға дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Болашақ серігімді, өмірлік жарымды тауып, сол маған болашаққа деген серпін берсе деген ниетім бар. Құдай қаласа, күтудемін. Жалғыздық құдайға ғана жарасқан, бұйырған уақытында көреміз. Маған шабыт сыйлайтын, балапандарыма қолдан келгенше әке болатын адамды құдайдан тілеп жүрмін.

Ажырасқаныма екі жыл болды, әзірге жоқ... Мұндай қарым-қатынасқа дайын болмаған да шығармын. Қазір дайынмын. Екі жыл бойы өзімді ретке келтіріп, өзімді жинап, демалып дегендей... Себебі 10 жыл отасу да оңай емес. Өзімді тазалап, өзіме не керектігін түсінгім келді.

Әрине, екі жылда сөз салған жігіттер өте көп болды. Әлі жүрегім дір еткен жоқ, өз адамымды таппадым. Сол үшін уақытымды кетіргім келмеді. Жүргеннен кейін әрі қарай тұрмысқа шығатындай, нәтиже болатындай қарым-қатынасты қалаймын. Ондай болмаған соң, болашақтың еншісіне салып отырмын", - деді Сиви Махмуди.

Еске сала кетейік, Сиви Махмуди он жыл отасқан жұбайы Аңсармен неліктен ажырасқанын да алғаш рет баяндаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017868-eki-zylda-soz-aitqandar-kop-birinsi-kuieuimen-azyrasqan-sivi-maxmudi-turmysqa-syguga-daiyn-ekenin-zetkizdi/

pixel