Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазаққа тұрмысқа шығып, бақытты болмадым": дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Сәуле Жанпейісова
Сәуле Жанпейісова. Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Отандық дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова "Қыздар-ай" бағдарламасында жан сырын ақтарды. Өнер иесі бағдарлама барысында қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қатысты өз пікірін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ұлтты ойламайтын қыздарға жүрегім ауырады. Мен де кезінде қазақ жігітке тұрмысқа шықтым. Бірақ, мен бақытты болмадым. Бірақ, мен халқымнан кеткен жоқпын. Ал кетіп жатқан қыз қаншама?

Қыздар, негізі шетелдікке күйеуге шығыңдар. Бірақ, қазаққа дегім келеді. Әлемде шашырап жүрген қанша қазақтың жігіті бар. Сол жігіттерді неге елге әкелмеске? Басқа ұлтқа шыққанмен, бұл қиын мәселе. Әсіресе, ұлт мәселесіне келгенде. Біз өзі аз ғана қазақпыз. Қалай көбейеміз? Кең жерімізді қалай сақтаймыз? Енді қазақтың ару қыздары шетелдікке кетіп жатса, біз қалай көбейеміз? Ертең бұлардан туған баланың барлығы басқа ұлт болып жазылады, басқа ұлт болады. Мүмкін өз балаларын қазақ қылып тәрбиелер, бірақ одан кейінгі ұрпақ өз ұлтын табады. Жігіттер басқа ұлттан әкеле берсін. Ал қыздардың басқа ұлтқа шыққаны қауіпті. Ол басқа ұлттан туылғанымен, оның ұлты қазақ болады", - деді Сәуле Жанпейісова.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Сәуле Жанпейісова отандық бағдарламаның біріне сұхбат беріп, отбасы құрғанына 5 жыл өткенде жұбайымен ажырасып кеткенін айтқан болатын. Отбасылық өмірі жайлы сыр ашқан өнер иесі ажырасуына қызғаныш себеп болғанын да жасырмаған.

"....Сол сәттерде күйеуім маған сырттай ғашық болған. Өнер адамы болмаса да, өнерді жақсы көрді. Солай кездестік. Бір жылдан соң бас қостық. Өмірге қызым келді. Үйде отырдым. Кейін қайта ән айта бастадым. Шетелге кеттім. Айлап үй көрмедім. Ер адам әйелін өз меншігі деп санайды ғой. Сыртта жүргенді қаламайды. Үйде отырғанды қалайды. Солай арада қызғаныш басталды. Сенімсіздік басталды. Ұрыс жиіледі. Менің өнерім де, өмірім де тұншыға бастады.

Отбасылық бақытымыз 5 жылға созылды. 5 жылдан соң ажырасып кеттік. Күйеуім маған дейін үйленіп ажырасқан адам. Менен кейін де бір әйел алды. Бірақ қазір бұл өмірде жоқ", - деген болатын дәстүрлі әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017953-qazaqqa-turmysqa-sygyp-baqytty-bolmadym-dasturli-ansi-saule-zanpeiisova-zan-syryn-aqtardy/

pixel