Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Армандаймыз": 21 жылдан кейін қызды болған Өмірқұл Айниязов тағы да балалы болғысы келетін айтты

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов, әнші
Өмірқұл Айниязов. Фото: "Өмір көркем" бағдарламасы

Отандық әнші Өмірқұл Айниязов тұңғышынан кейін қызын 21 жыл күткенін айтқан болатын. Өнер иесі қызының медицинаның көмегімен дүниеге келгенін және тағы да балалы болуды армандайтынын "Қызықты weekend" бағдарламасында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Медицинаның көмегімен қызды болдық. Оны жасырған жоқпыз. Жастармен әлі жарысайын деп жүрміз. Қызымыздың соңынан тағы бір ұл келсе деп армандаймыз. Сондықтан қызықтың бәрі алда. Келін босанбай тұрып, әйелім тағы бір баланы дүниеге әкелсе деген ой бар. Нұртуған (әншінің ұлы - ред.) балалы болғаннан кейін жастармен жарыспаймыз", - деді Өмірқұл Айниязов.

Сонымен қатар әнші баланы жылдап күтетін отбасыларға өз кеңесін берді.

"Біздің бір ұлымыз болғаннан кейін, соған алданып жүрдік. Бірақ соның өзінде де шыдамдылық керек. Бірден балалы болмады деп, ажырасып кеткен дұрыс емес. Қазірдің өзінде ондай жастарды көп кездестіремін. Ізденіңдер, емделіңдер. Қазір медицинаның басқа да мүмкіндігі бар, соған жүгініңдер" деп барынша өз ақылымды айтуға тырысамын. Асығуға болмайды. Құдайдың өзі бұйыртқан күні болады. Бәрі тез балалы болғанды жақсы көреді. Бірақ кейде осындай сынақтар болуы мүмкін. Соның бәріне мойымау, ұрыспай-керіспей жету керек", - деді Өмірқұл Айниязов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Өмірқұл Айниязов өмірге қызы келгеннен кейін әке бақытын сезінгенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017968-armandaimyz-21-zyldan-keiin-qyzdy-bolgan-omirqul-ainiyazov-tagy-da-balaly-bolgysy-keletin-aitty/

pixel