Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әке-шешеге айтса жарасады": әнші Жазира Байырбекова күйеуін "жәннатым" дейтіндерге қарсы шықты (фото)

Опубликовано:

Жазира мен Жанболат жұлдызды жұп
Жазира мен Жанболат. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Отандық әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде жазбасымен оқырмандарына ой тастады. Өнер иесі жұбайын "жәннатқа" теңейтіндермен келіспейтінін Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осы ойымды ашық айтқаным үшін көбіңіз ренжисіздер-ау… Күйеуін "жәннатым" деп санаған дұрыс дегенді қанша жерден естісем де, келісе алмай-ақ қойдым. Әр адам өз ата-анасын осылай атаса 100 пайыз қосыламын. Өйткені, ата-анасын ешкім, ешқашан ауыстыра алмайды.

Күйеуін, балаларының әкесін сыйлаған, құрметтеген өте дұрыс. Бірақ "жәннатым" деп тек әке-шешеге айтса жарасатын сияқты", - деп жазды Жазира Байырбекова желіде.

Ал желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына келісетінін айтып, пікір білдірді.

"Дұрыс айтасыз", "Ойыңызбен келісемін", "Сізбен 100 пайыз келісемін", "Ата-анаға ғана айтылатын сөздер ғой", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018064-ake-sesege-aitsa-zarasady-ansi-zazira-baiyrbekova-kuieuin-zannatym-deitinderge-qarsy-syqty-foto/

pixel