Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мынауың ұяттау": Мадина Сәдуақасова желідегі кей суретін Таңатаровтың айтуымен өшіртіп тастайтынын айтты

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова шоу-бизнес әлеміндегі ер азаматтардың өзіне қолдауы жайлы айтып, жан сырын ақтарды. Әнші "Жақсы адамдарым" бағдарламасында өнердегі әріптесі Досымжан Таңатаровтың айтуымен желідегі кей суретін өшіртетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өнерде жүрген 26 жылдың ішінде ер адам, өнердегі жігіттердің үлкені болсын, кішісі болсын мені ренжіткен жоқ. Барлығы қолдап жүр. Соның ішінде Досымжан (Таңатаров - ред.) бар. Үнемі ақылын айтып жүреді.

Сосын әлеуметтік желіге онша емес сурет салып қоямын ғой. Маған жекеме Досымжаннан "Мынауың ұяттау" деген хат келеді ғой. Досымжан, қойшы, күшті стиль десем, "Білмеймін, маған ұнап тұрған жоқ" деп жазады өзі. Сосын мен оны (суретті - ред.) парақшамнан алдырып тастаймын", - деді Мадина Сәдуақасова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Досымжан Таңатаров Мадина Сәдуақасова жайлы естеліктерін бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018102-mynauyn-uyattau-madina-saduaqasova-zelidegi-kei-suretin-tanatarovtyn-aituymen-osirtip-tastaitynyn-zetkizdi/