"Мадинаға өзіміздің қолымыз жетпей қалды": Досымжан Таңатаров Сәдуақасова туралы естеліктерін бөлісті
Жарияланған күні:
Отандық әнші Мадина Сәдуақасова Досымжан Таңатаровпен бірге облыста гастрольдік сапармен ән кешін өткізіп, алғаш рет 300 мың теңге гонорар алғанын айтты. "Жақсы адамдарым" бағдарламасына келген әнші ол уақытта президент оркестрінде 20 мың теңге жалақы алғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Мадина өнердегі жолын менен ерте бастағанымен, бес жылдай сахнадан, телеарна мен концерттен, ел назарынан тыс қалды. Сол уақытта керісінше, мен елдің алдына шыға бастадым. Жақсылық жасадым деп айта алмаймын. Бірақ, менің облысты аралап, жеке концертім басталды. Біз сол "Ұят болмасын", "Таң қалмаңыз" "Біздің көшенің тұрғындары" бағдарламаларының жұлдызымыз, сол арқылы танылғанбыз.
2003 жылы Республика сарайында жеке кешім өтіп, содан кейін бүкіл облысты аралау басталды. Сол уақытта жалғыз шықпайсың. Әні өтетін, елге танылған, келген қонақ жақсы әсер алатын әнші ретінде "Мадина, облыста концерт беруді бастадым. Бірге барып қайтайық" деп айттым. Мадина да бірден келісе қойды.
Қаншама гастрольге бірге бардық. Мәскеуде өткен наурызға бірге бардық. Бүкіл Қазақстан болмаса да, тең жартысына бірге концертке бардық. 2007 жылдары Мадинаға өзіміздің қолымыз жетпей қалды. Ол өз әнін, жолын тапты. Содан бері тілеулеспіз" , - деді Досымжан Таңатаров.
Ал Мадина Сәдуақасова Досымжан Таңатаровтың бір концерт үшін 300 мың теңге гонорар төлегенін ашып айтты.
"Ол кезде Досымжанның "Құралай", "Аққуым" әні бар. Біз "Тараздан шал дауысты әнші келе жатыр" деп қатты күттік. Бірақ өзі 25-те. Содан бері түк өзгермеген. Досымжан гастрольдік сапарға шығып жатыр дегенді бәріміз естідік. "Досымжан кімді жанына қосып алады екен" деген кезде мен "Шіркін, маған түссе екен" деп қатты толқыдым. Досымжанның адамгершілігін, халықпен қалай жұмыс істейтінін, қарындастарына қалай қорған болатынын білемін және жарқыраған жұлдыз ғой. Сондықтан мен гастрольдік сапарға шығуды тіледім.
Досымжан "Мадина, менімен гастрольдік сапарға сен шығатын болдың" деді. Тіпті қандай гонорар беретінін де сұрамаппын. Бірақ, гонорарды да үйіп-төгіп берді. Ренжіткен жоқ. Мен ондай ақшаны көрген жоқпын. Президент оркестрінде әнші болып жүрмін. Ол жерде жалақымыз - 20 мың теңге. Ал бұл кісі бір концерт үшін 300 мың теңге гонорар берді", - деді ағынан жарылған Мадина Сәдуақасова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018129-ondai-aqsa-korgen-zoqpyn-madina-saduaqasova-dosymzan-tanatarovtyn-bir-koncert-usin-300-myn-tenge-bergen-kezin-eske-aldy/