Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыз көру": ұлына келін іздеп жүрген Роза Әлқожа қызықты оқиғасын бөлісті (фото)

Жарияланған күні:

Роза Әлқожа
Роза Әлқожа. Фото: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Отандық әнші Роза Әлқожа отандық бағдарламада тұңғышы Бейбарысқа қыз іздеп жүргенін ашып айтқан болатын. Ұлын үйлендіру үшін қазақтың "Қыз көру" дәстүрін пайдаланған әнші басынан өткен қызықты оқиғасын Instagram парақшасында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бір сіңіліммен кездессем, "сіз жайлы ел шулап жатыр ғой. Түсініктеме берсеңізші" дейді. Жақсы дедім. Мен негізі ұлыма да, қызыма да жар таңдауда асықпаңдар деп айтамын. Өйткені, үйлену - оңай, үй болу қиын. Екеуара үйлесім болмаса, ол сенімен көзқарасы бір болмаса неке түгілі, бизнесте одақ құру қиын", - деді әнші.

Әншінің айтуынша, Роза Әлқожаны бір әйел "қыз көруге" шақырған. Таныстықтан кейін жастар бірін-бірі ұнатқанымен, бойжеткеннің әкесі қызы мен әншінің ұлының қарым-қатынасына қарсы болған.

"Бағдарламаға берген сұхбатты үзіп-жұлып беріп, мені сыртымнан тілдеп жатқандар көп екен. Мен бар болғаны "адамның басын емес, дүниесін қадірлейтіндер керек емес" дедім. Соны эфирде ашық айтпай-ақ қояйын деп "мен кінәлі бола салайыншы" деп қалып едім. Ақиқатын жазбасам - арға қиын. Ар жағын патша көңілдеріңіз білсін", - деді Роза Әлқожа.

Естеріңізге сала кетейік, отандық әнші Роза Әлқожа тұңғыш ұлы Бейбарысты үйлендіру үшін қазақтың "Қыз көру" дәстүрін пайдаланып жүргенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018109-bara-qoisyn-dedik-roza-alqoza-biznesmennin-ulyna-qyzyn-bergisi-kelmegenin-asyp-aitty-foto/