"Жылқыны алатын кезде де қарайды": Роза Әлқожа ұлына жар таңдап жүргенін айтты
Жарияланған күні:
Отандық әнші Роза Әлқожа тұңғыш ұлы Бейбарысты үйлендіру үшін қазақтың "Қыз көру" дәстүрін пайдаланып жүргенін айтты. Әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында баласына қандай кеңес беретінін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Шынымды айтайын ба, қыз көріп жүрмін. Қазақта "Қыз көру" деген күшті дәстүр бар екен. "Адам жылқы сияқты" дейді ғой қазақ. Өзін жылқыға теңейді ғой. Тіпті бір жылқыны алатын кезде де адам қарайды. Қандай жылқы, қай тұқымнан деген сияқты. Мен енді балама "Әрине, жақсы қыз болса, махаббатпен үйлен" деп айтамын. Бірақ адам жас кезде жұбын таңдай алмайды. Сондықтан қазақтың бұрынғы дәстүрі дұрыс деп ойлаймын. Білетін жерден, өсіп-өнген жерден... Өйткені, бұл баламның ғана тағдыры емес. Немерелерімнің тағдыры, менің тағдырым деген сияқты. Бір-ақ рет үйленген дұрыс.
Мен дүние жинамаған адаммын. Жолдасым да қарапайым журналист. Біз еңбекпен, өз өнерімізбен жүрген адамбыз. Балама "Кәсіп таңдаған кезде де қасыңдағы серігіңнің жай біреу болғанын қаламайсың ғой. Ол сенімен бірге білімді, ақылды, көзқарасы бір болу керек. Адамда үйлесім деген дүние болу керек. Асықпа. Өнерде өз жолыңды тап. Құдай тойдан айырмасын. Асықпай жүріп, анық бас" деп ақыл беремін. Құдай шешеді ғой", - деді Роза Әлқожа.
Ал әншінің тұңғышы болашақ жұбайын анасымен бірген таңдайтынын жеткізді.
"Мен үйленуге дайын болып жүрмін. Тұрмысқа шығатын қыз дайын болса. Бірге (анасымен - ред.) таңдаймыз", - Роза Әлқожаның ұлы Бейбарыс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017707-zylqyny-alatyn-kezde-de-qaraidy-roza-alqoza-ulyna-kelin-korip-zurgenin-aitty/