jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Анашыма деген махаббатың үшін": Арман Дәулетияров жұбайына алғысын жеткізді

    Арман Дәулетияров жұбайымен
    Арман Дәулетияров жұбайымен. Фото: instagram.com/arman_dav

    Танымал продюсер Арман Дәулетияров әйеліне алғыс айтып, туған күнімен ерекше құттықтады. Медиаменеджердің жұбайымен отасқанына биыл 20 жылдың жүзі болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Биыл жазда біздің отбасы құрғанымызға 20 жыл болады. Осы жылдар ішінде үйіміздің іші үнемі таза, жанға жайлы болды. Мені үнемі махаббатпен қуанышпен қарсы алды. Ештеңеге қарамастан жұбайым ең керемет әйел және балаларымның керемет анасы бола білді. Менің мінезім мен жұмысымның қиындығына төзе білген нәзік әйеліме қараймын да таңғаламын.

    Қазір бұрынғы қателіктерім үшін әйелімнен ұяламын. Осы жылдар ішінде жұбайым бес уақыт намазын қаза қылмады. Үйімізде үнемі адал ас дайындалып, құран сүресі қосулы тұрды. Арамызда ұрыс болған күннің өзінде қатты ашуға ерік бермейтінбіз. Қазір осының барлығы әйелімнің иманының мықтылығының, махаббаты мен тәрбиесінің, ақылының арқасында екенін түсіндім. Ең бастысы, әйелімнің арқасында отбасымызды сақтай алдық. Әрине, ең бірінші Жаратушының арқасы. Мавжуда - менің ең адал досым, сүйікті әйелім. Анашыма деген махаббатың үшін және бес баламыз үшін алғыс білдіремін. Әр күні маған сенім білдіріп, махаббатыңды көрсеткенің үшін алғысым шексіз. Туған күніңмен, сүйіктім", - деп жазды Арман Дәулетияров Instagram парақшасында.

    Желі қолданушылары тележүргізушінің әйеліне деген сыйластығы мен махаббатына ризашылық білдірді.

    "Керемет", "Бақытты болыңыздар", "Бақыт тілеймін", "Бірге қартаюды жазсын", - деп желідегілер Арман Дәулетияровқа тілектестігін білдірді.

    "Анашыма деген махаббатың үшін": Арман Дәулетияров жұбайына алғысын жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.