jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Баламды бір көруге зар қылып қойды": ұлы ауыр дертке шалдыққан жұлдызды жұп жанұядағы қиын кезеңді еске алды

    Қуаныш пен Қарлығаш
    Қуаныш пен Қарлығаш. Фото: instagram/kuanysh_karlygash

    Қазақ эстрадасындағы жұлдызды жұп Қуаныш пен Қарлығаш жақында ауыр сынақты бастан кешті. Бұл туралы олар "Ел арна" арнасында шығатын "Төртеу түгел" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Бұл оқиғадан не түсіндім? Мен үшін көптеген есік жабылды. Досым деп жүрген адамдарды басыңа қиын іс түскенде таппай қалады екенсің. Сол кезде өзіңе және Аллаға ғана сену керектігін түсіндім", - дейді Қарлығаш.

    Қуаныш болса, баласын бір көруге зар болған сәттерін еске алды.

    "Оңай шаруа емес. Бұл жай ғана ауру емес. Үлкен сынақ болды мен үшін. Шынымен де ауыр соққы болды. Бұл жағдай ең алдымен денсаулықтың қадірін ұқтырды. Балаларға ұрсып жатамыз ғой... Біздің де "балам" деп дауыс көтеретін кездеріміз болды. Баланың қадірін ұқтырды. Баламды бір көруге зар қылып қойды. Ауруханаға кіре алмай қалдық", - дейді ол.

    "Системада бір апталап, сұлқ түсіп жататын. Сол кезде: "Құдай-ай, үйде шашып-төгіп, ойнап, еркелеп жүрсе екен", - дейтінмін. Үйдегі қабырғалар сызылып, тұсқағаздар жыртылып жатса, ол үйдің берекесі бар. "Балалы үй базар" деген. Одан ұялмауымыз керек", - деді Қарлығаш Мырзагелдиева.

    Айта кетелік, 2019 жылы жұлдыздың жұптың баласы ақ қан ауруына шалдығып, Түркияда 9 ай ем алды. Бүгінде ол дертінен аман-есен айығып шыққан.

    "Баламды бір көруге зар қылып қойды": ұлы ауыр дертке шалдыққан жұлдызды жұп жанұядағы қиын кезеңді еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.