Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімге керек емессің": Әли Оқапов дауысын жоғалтып алғанын айтып, жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Әли Оқапов
Әли Оқапов. Фото: Тимур Балымбетовтің бағдарламасы

Отандық әнші Әли Оқапов алғаш рет күйзеліс салдарынан денсаулығы сыр бергенін ашып айтты. Тимур Балымбетовке сұхбат берген әнші бірнеше жыл бұрын күйзелістің дауысына тигізген зияны туралы баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, тамақ ауруынан соң ол орташа ырғақта ән орындай алмай қалған. Тіпті ол өнерден басқа салаға кетуді де ойлағанын жасырмады.

"Бұл осыдан төрт жыл бұрын болды. Ол сәтте мен күйзелікте едім. Сол уақытта күйзеліс салдарынан ларингит пен фарингитке шалдықтым. Ол уақытта мұны ешкімге көрсетпедім. Тамағым мен жағым қосыла ісіп, екі аптадай сөйлей алмадым. Көлікпен ауруханаға бардым. Дәрігерлер әр түрлі айтады, бірақ нақты себебі табылмады. Бірақ бәрі жүйкенің шаршауынан секілді. Осы себепті әлі күнге көзімде мәселе бар. Содан бері қабағым құрғап кетеді, дұрыс жабылмайды. Емделіп жүрмін. Жүйке шаршауынан осындай мәселе пайда болды. Ол уақытта пәтерден шықпадым, сондықтан ешкім байқамады", - деді жан сырын ақтарған Әли Оқапов.

Сонымен қатар әнші дауысының қазір тек 60 пайызын ғана қайтара алғанын айтты.

"Кейін сөйлей алғанымда, ән айтуға тырыстым. Мен әлі күнге бұрынғы қалпыма келмедім. Бірақ, содан бері жоғары және төменгі нотада ән орындай аламын. Ал орташа ырғақта орындай алмай қалдым. Вокалмен де айналыстым, диета ұстадым, күн тәртібін қалпына келтірдім. Нәтижесінде, дауысымның 60 пайызын қайтара алмадым. Бірақ дауысымды толықтай қалыпқа келтіре алмадым.

Қалпына толықтай келетініне күмәнім де бар. Себебі, жиырма жаста емеспін, зат алмасу басқа, күйзеліс те бұрынғыдан да көп. Мен мұның астарынан философия іздеп жүрмін. Падемия уақытында дауысым жоғалды, жұмысым тоқтап қалды. Мен өзімді "Әли, сенің мансабың аяқталды. Мұны қабылда. Онсыз да ешкімге керек емессің. Қазір жұмысыңды денең жоққа шығарып жатыр. Басқа нәрсемен айналыс" деп көндірдім. Бір сәтте осыған сеніп, мен продюсерлікке кірістім. Шығармашылығыма хобби ретінде қарадым. Осы оймен үйлендім. Әлі күнге мен әртіс болуды доғару керек деп ойлаймын. Бірақ әртіс ретінде өзімді тізімнен сызып тастамадым, өзіме соңғы мүмкіндік бердім.

Тіпті болмай бар ажатса әлемді аралап, саяхатқа бет бұрамын. Өйткені, қазір мен тек қара басымды ойлап, қалауымды жасауға қақым жоқ. Бұл менің тауып отырған наным. Сондықтан отбасым үшін мен оңай беріле салмаймын", - деді Әли Оқапов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018364-eskimge-kerek-emessin-ali-oqapov-dauysyn-zogaltyp-alganyn-aityp-zan-syryn-aqtardy/

pixel