Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ниет бар": Айгүл Иманбаева Лондоннан балалы боп қайтқысы келетінін ашып айтты

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Скриншот: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Отандық әнші Айгүл Иманбаева шетелге "Болашақ" бағдарламасымен оқуға түскен болатын. Өнер иесі Лондоннан балалы боп қайтқысы келетінін "Қыздар-ай" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Лондонға тұрмысқа шығуға кетіп бара жатқан жоқпын ба? Құдай қаласа, сол жақтан балалы боп қайтамыз. Өзі де кетердің алдындағы сұхбатым осы сияқты. Бұйрық келсе, ештеңеге қарамайды. Тамара Асарды да мына денсаулығымен, мына тағдырымен, мына жолымен Алла Тағала осындай бес елі бақты үйіп-төгіп береді деп ешкім ойлаған жоқ. Сүйсінесің, қызығасың, тілекші боласыі. Сол себепті, Құдай емеспін, алдымда не күтіп тұрғанын білмеймін.

Мен түсінгенім, жүректің тыныштығы болуы үшін өзіңмен өрелес, жаныңды түсінетін адам болуы керек. Әйтпесе, секеңдеп те, қызыл-жасылды қуалап та болдық қой, сөздің ашығы. Енді тыныштықта өмір сүргім келеді. Әсіресе, жүрегімнің тыныштығында. Сол жүректің тыныштығы өзімде бар, өткенде концертте де айттым. Бақыттың үні де бәсеңкі. Енді соны үркітіп алмай, оқуыма барып... Ниет бар. Екеу боп келуімді күтіңіз. Той Қазақстанда болмайды деп айттым", - деді Айгүл Иманбаева.

Естеріңізге сала кетейік, отандық әнші Айгүл Иманбаева әкесіне айтқан ауыр сөзін еске алып, көзіне жас алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018479-niet-bar-aigul-imanbaeva-londonnan-balaly-bop-qaitqysy-keletinin-asyp-aitty/

pixel