Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Содан қорқам": "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Элизат Берікова екінші рет тұрмысқа шығуға дайын ба

Опубликовано:

Элизат Берікова
Элизат Берікова. Фото: instagram.com/elizaberikova007/

"Кешью" тобының бұрынғы мүшесі Элизат Берікова 2018 жылы тұрмысқа шыққан болатын. Алайда дәм-тұзы жараспаған әнші екі жыл бұрын жолдасынан ажырасып кетеді. "Қыздар-ай" бағдарламасына келген өнер иесі қайта отбасы құруға деген көзқарасын айтып, жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Он жылдан кейін өзіңді қалай елестетесің? Он жылдан кейін сен тұрмыс құрғансың ба?", - деп сұрады.

Ал әнші бір жасаған қателігін екінші рет қайталауға қорқатындықтан, қайта тұрмысқа шығуға дайын еместігін жеткізді.

"Он жылда балаларым өседі, ер жетеді. Екінші рет тұрмысқа шығуға дайын емеспін. Өйткені, қорқыныш бар. Бірінші жасаған қателігімді екінші рет қайталағым келмейді. Содан қорқамын", - деді ағынан жарылған Элизат Берікова.

Осыдан біраз уақыт бұрын әнші балаларына 23 мың теңге алимент алатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018533-sodan-qorqam-kesyu-tobynyn-buryngy-ansisi-elizat-berikova-ekinsi-ret-turmysqa-syguga-daiyn-ba/

pixel