Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сылтау деп ойлаған": Әли Оқапов әйелі Ақерке Бүркітбаймен қалай танысқанын айтты

Жарияланған күні:

Әли Оқапов әйелі Ақерке Бүркітбаймен
Әли Оқапов әйелі Ақерке Бүркітбаймен. Фото: instagram.com/akerkeburkitbay

Отандық әнші Әли Оқапов "Асыл" тобының әншісі Ақерке Бүркітбаймен 2020 жылы шаңырақ көтерген болатын. Өнер иесі Тимур Балымбетовке сұхбат беріп, жұбайымен қалай танысқанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен оны (Ақерке Бүркітбай - ред.) мансабымды алғаш бастаған жылдары көрдім. 11-12 жыл бұрын. Жұмыс барысымен жаңажылдық түсірілімге барғанмын. "Асыл" тобы да сол түсірілімге қатысып жатыр екен. Оны оған дейін танитынмын. Біз Twitter парақшасында сөйлестік-ау. Өйткені, мен - академияда, ол - консерваторияда оқыды.

Мен "Асыл" тобындағы Ғалияға барып, "Таныстыршы" дедім. Ол мені ертіп барып, "Танысыңдар" деді. Осыған дейін хат алмасып, бір-бірімізді сырттай танысақ та, ресми танысқан емеспіз.

Бірақ ол өте тұйық болды, ешқандай эмоциясын байқатпайды, ештеңе білдірмейді. Сонымен біз таныстық, оны ұнаттым. Үнемі Ғалиядан "Ақеркеге сәлем айт" деп отыратынмын. Бірақ ол еш жауап қайтармайтын. Мен "Айттың ба?" деймін, Ғалия "Иә, айттым" дейді. Өйткені, Ақерке тұйық болды, тәрбиесі басқа, оның үстіне "Асыл" тобының талабы бойынша кез келген адаммен сөйлесе алмайды. Сәлем жолдап жүріп, жылдар өтті", - деді Әли Оқапов.

Сонымен қатар Әли Оқапов әлеуметтік желіге видео қоя алмағандықтан Ақерке Бүркітбайға өтініш айтқанын жеткізді. Алайда оның бұл әрекетін "Асылым" тобының әншісі сылтау деп ойлаған.

"Мені бір түсірілімде видеоға түсірді. Мен оны әлеуметтік желіге жариялауым үшін видеоның форматын ауыстыру керек болды. Ал мен оны білмеймін. Әлеуметтік желінің сторисіне музыка қоюды былтыр үйрендім. Сосын Ақеркеге "Видеоны ауыстырып берші" деп жаздым. Ол "Расымен бе?" деп сұрады да, видеоны ауыстырып берді. Сосын "Кездесуге шақырғың келсе, дұрыстап шақырмайсың ба?" деп жазды. Ол менің өтінішімді сылтау деп ойлаған ғой.

Мен осыған дейінгі сәлеміме жауап болмағаннан кейін, нәтиже жоқ деп ойлағанмын. "Кеттік, ертең шай ішейік. Мен сені алып кетемін" дедім. Сонымен алғашқы кездесу болды. Бұл оқиғаға біраз уақыт өтті. Біз өте ұзақ кездестік", - деді ағынан жарылған Әли Оқапов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018598-syltau-dep-oilagan-ali-oqapov-aieli-aqerke-burkitbaimen-qalai-tanysqanyn-aitty/