jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Күйеуімді ішімдегі жеті айлық баламен жүріп жерлеген адаммын": Әли Оқапов анасының мықтылығына таңғалды

    Роза Рымбаева мен Әли Оқапов
    Роза Рымбаева мен Әли Оқапов. Фото: Instagram/aliokapov

    Отандық әнші Әли Оқапов анасының мықтылығы жайлы сөз етті. Тимур Балымбетовке сұхбат берген Роза Рымбаеваның ұлы анасының елдің сынын қалай қабылдайтынын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Мен ол кісіні "Темір әйел" дейтін едім. Пандемия кезінде де анам өте сабырлы болды. Ел не істерін білмей жүргенде, анам бәрін сабырлы қалпында қабылдады. Қалай елдің сөзін елемей жүретінін талай сұрадым. "Әли мен не көрмедім? Мен күйеуімді ішімдегі жеті айлық баламен жүріп жерлеген адаммын. Мен елдің бөлінгенін көрдім. Ақшаның құнсызданғанын көрдім. Соғыс кезінде майданның ортасында ән айтуға бардым. Басқасы түк емес" деді.

    Ол кісі тамақ пісіргенді ұнатады. Түн ортасында тұрып, бәліш пісіріп жүре береді. Елдің пікіріне қайғыру, көңілі түсу деген жоқ. Бастысы ойын ашық айтты. Әрі қарай өз ісімен айналысады", - деді Әли Оқапов.

    Естеріңізге сала кетейік, Әли Оқапов осыған дейін жұбайы Ақерке Бүркітбаймен қалай танысқанын айтқан болатын.

    "Күйеуімді ішімдегі жеті айлық баламен жүріп жерлеген адаммын": Әли Оқапов анасының мықтылығына таңғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.