Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш қызым бар": актриса Қарлығаш Мұхамеджанова отбасы жайлы құпиясын бөлісті

Опубликовано:

Қарлығаш Мұхамеджанова
Қарлығаш Мұхамеджанова. Фото: instagram.com/karlygashmuhamedzhanova

Танымал актриса Қарлығаш Мұхамеджанова жеке өмірі жайлы ақпаратты көпшілікке бөліспейтін өнер иесінің бірі. NEGE.KZ сайтына сұхбат берген актриса үш қызы барын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"О баста тұрмысқа шыққанымда жекеөмірімді жұртқа жарияламаймын деп шештім. Біреу желіге ішкен-жегенін, ал біреу отбасын салып жатады. Қалай десек те, ол әркімнің өз таңдауы. Дегенмен, отбасымды көрген адам түрлі пікір жазуы мүмкін. Сондықтан көлденең сөзге көңіл аударып, көңілімді құлазытқым келмейді.

Мұны да (күйеуінің қызғаншақтығын - ред.) айтқым келмейді. Бұл жарым екеуіміздің арамыздағы әңгіме болып қалуы керек деп санаймын. Шүкір, Ажар, Азиза, Альфия есімді ұш қыздың анасымын", - деді актриса.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қарлығаш Мұхамеджанова гонорары жайлы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018780-us-qyzym-bar-aktrisa-qarlygas-muxamedzanova-otbasy-zaily-qupiyasyn-bolisti/

pixel