Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы анасынан 13 жасында айырылғанын айтып, көз жасына ерік берді (видео)

Опубликовано:

Мөлдір Мұқанова, Тұрсынбек Қабатов әйелі
Мөлдір Мұқанова. Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова анасынан 13 жасында айырылғанын айтып, көз жасына ерік берді. Әртістің әйелі өмірден ерте кеткен анасы мен әкесі жайлы "Қыздар-ай" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анамнан 13 жасымда қалдым. Анам ол кезде 45 жаста еді. Ең үлкен орны толмас өкініш дей ме, тағдыр... Кейде ойлаймын, рахаттанып күліп отырып, жүрегің жылап тұрады. Анасы бар адамдарға қызығамын. Оларды бақытты деймін. Өмір жасы ұзақ болсын деймін. Себебі, мен сияқты жыламаса деп ойлаймын.

Бұл көз жасы өмір бақилық. Мен жүзге толсам да, тоқтамайтын көз жасы. Жүректегі бітеу жара. Әкем де дүниеден ерте кетті. Ол кезде 24 жаста едім. Анам көрмеген қызықты әкеміз көреді деп ойлағанда, көре алмай кетті. Осылай біздің шалқып жүргенімізді, әдемі өмірімізді көре алған жоқ. 18 шаршы метр жатақханада тұрған өмірімді көрді. Тұрсынбектің атақты болғанын көрген жоқ.

Үйде алты ағайындымыз. Әке-шешеме алты бауыр қылып қалдырып кеткеніне шексіз алғыс білдіремін. Әкем көзі тірісінде "Қанша бауырларды көремін. Менің берген тәрбием демеймін, мұндай бауырмашыл бауырларды көрмедім" деп жылап отыратын", - деді көз жасына ерік берген Мөлдір Мұқанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018794-tursynbek-qabatovtyn-zubaiy-anasynan-13-zasynda-aiyrylganyn-aityp-koz-zasyna-erik-berdi-video/

pixel