Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі жылдан бері ұстатпай жүр екен": Құрманай Бахтиярқызы тойда телефонын қолды қылған жігітке іздеу салды (видео)

Опубликовано:

Құрманай Бақтиярқызы
Құрманай Бақтиярқызы: instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy

Ақын Құрманай Бақтиярқызы тойда телефонын қылды қылған азаматтың видеосын Instagram желісінде жариялап, іздеу салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қымбатты оқырмандар, мына жігіт менің телефонымды ұрлап кетті. Телефон мейлі ғой, қанша тойын маған сеніп отырған жандар бар. Өтініш, мына көрсетілген нөмірге шығыңыздаршы. Абай болыңыздар. Мына видеоны көргендер, полицияға хабарлассын. Екі жылдан бері ұстатпай жүр екен", - деп жазды Құрманай Бақтиярқызы.

Ақын желіде жариялаған видеодан белгісіз азаматтың мейрамхана ортасында тұрған Құрманай Бақтиярқызының телефонын алғанын байқауға болады. Осыдан соң ер адам ақынды телефонға суретке түсіреді. Ал кейінірек телефонды ұстаған күйі мейрамханадан шығып кеткен.

Желі қолданушылары ер адамның бұл әрекетін қызу талқыға салды.

"Құдай сақтасын", "Ұят тірлік қылыпты", "Ұрлықтың жазасы ауыр", "Телефоныңыз тезірек табылсын", - деп жазды Құрманай Бақтиярқызының оқырмандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018942-qurmanai-baqtiyarqyzy-toida-telefonyn-qoldy-qylgan-zigitke-izdeu-zariyalady-video/

pixel