Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көкелерің бар ма": Ақбота Керімбекова әлі күнге атақ алмауының себебін түсіндірді

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

Отандық әнші Ақбота Керімбекованың әлі күнге "Еңбек сіңірген әртіс" атағын алмағанын әріптесі Жеңіс Ысқақова айтып берді. "Алғашқы" бағдарламасына келген өнер иесі әлі күнге аталмыш атақсыз жүруінің себебін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осы бағдарламаны пайдаланып, жүрекжарды ұсынысым, әңгімемді айтқым келеді. Ақботаны халық бағалайды. Әріптестер бағалайды. Бірақ өзіне тиісті бағасын ала алмай жүрген сияқты. Мәдениет министрлігіне айтатыным, көп жылдан бері халықтың қалаулысы болып, сүйіктісіне айналған әншілердің өзіне керекті бағасын беріп тұрсаңыздар екен. "Еңбек сіңірген әртіс" деген атағын ала алмай жүр", - деді Жеңіс Ысқақова.

Ал Ақбота Керімбекова "Еңбек сіңірген әртіс" атағының болмағанына өкінбейтінін жеткізді.

"Менде ондай өкініш жоқ, Алла куә. Мұндай өкініш әріптестерімде бар шығар. Үйде анам да "Қызым, қанша концерт беріп жүрсің, қаншама ән жаздырып жатырсың, бір елемей ме сені" деп айтып қалады. Анық атаққа, дүниеге қызықсам, барлығы менің қолымнан келетін еді. Мұның астары маған қызық емес. Маған халықтың берген бағасы, "халықтың Ақботасы" боп жүргенім мың есе артық па деп ойлаймын.

Кезінде "Гүлдер" ансамблінде жұмыс істеп жүргенде "Сені атаққа ұсынайық" деп айтты. Сосын, жасыратыны жоқ, "жоғарыда көкелерің бар ма" деді. Менде бір Алладан басқа көкем де, тәтем де жоқ. Содан кейін атақтың қалай алынатынын түсіндім.

Кейде хабарласып "Осыншама ақша берсең, осындай атаққа ілінесің" деген сияқты ашық ұсыныс болды. Мұны өнердегі әріптестерімнің бәрі біледі. Шынымен еленіп, ескеріліп жатқан әншілер де бар. "Оның бәрі сатылады" деп ойлап қалмасын. Жалпы айтып жатқаным ғой", - деді Ақбота Керімбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018969-kokelerin-bar-ma-aqbota-kerimbekova-ali-kunge-ataq-almauynyn-sebebin-tusindirdi/

pixel