Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2 жыл өтті": Біржан Хасанғалиев өмірден өткен әкесін еске алды (фото, видео)

Опубликовано:

Ескендір Хасанғалиев
Ескендір Хасанғалиев. Фото: instagram.com/birjan_khassangaliev

Танымал әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев осыдан екі жыл бұрын өмірден өтті. Танымал тұлғаның ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram желісінде әкесін еске алып, жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әкемнің қайтқанына тура екі жыл өтті. Қанша жыл өтсе де, өзіңе деген сағыныш мәңгілік! Ұлы және қарапайым адам", - деп жазды Біржан Хасанғалиев.

Ал желі қолданушылары композитордың әндерін еске алды.

"Жатқан жері жайлы болсын", "Иманы жолдас болсын", "Ұлы тұлға", "Аты аңызға айналған адам", "Аңыз адам мәңгі есімізде", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы танымал әнші әрі сазгер Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөліміне түскен болатын.

Кейінірек, әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев халық әртісінің жағдайы күрт нашарлағанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2019140-2-zyl-otti-birzan-xasangaliev-omirden-otken-akesin-eske-aldy-foto-video/

pixel