Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш тойға тарту етілген 30 млн теңгелік сәйгүлігін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев, Балжан Бидаш
Жахан Отарғалиев, Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev

Жақында отандық әнші Балжан Бидаш пен актер Жахан Отарғалиев тойынан желіде видео тараған болатын. Жұлдызды жұп тойда тарту етілген 30 млн теңгелік сәйгүлік жайлы "Ревю" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тойға алғашында үйімізді бітіріп алайық дедік. Сосын кино түсіріп бастадық. Содан кейін жаңа үй алайық дедік. Той 90 жылдардағы стильде болып жатыр. Некемізді қидырдық.

Біз әлі күнге заңды түрде неке қидырмағанбыз. Балжаннан ұялып жүрдім", - деді Жахан Отарғалиев.

Той барысында Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаштың тойына актердің бала күнгі досы құны 30 млн теңгелік сәйгүлікті тарту еткен.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын желіде отандық әнші Балжан Бидаш пен актер Жахан Отарғалиевтың тойынан видео тарады. Олар 2020 жылы мұсылманша неке қидырған болатын.

Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидашқа тарту етілген сәйгүлік
Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидашқа тарту етілген сәйгүлік. Скриншот: "Ревю" бағдарламасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2019177-zaxan-otargaliev-pen-balzan-bidas-toiga-tartu-etilgen-30-mln-tengelik-saiguligin-korsetti-foto/

pixel