Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аишаға сезімін білдірген Бүркіт көпшілікті сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Бүркіт пен Аиша
Бүркіт пен Аиша. Фото: instagram.com/aisha_vee

Отандық әнші, көпшілікке Бүркіт лақап есімімен танылған Айбек Жансейітов желіде жұбайы Аишаға сезімін білдірді. Әншінің бұл жазбасы желі қолданушыларынан қолдау тапты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүркіт желіде Аиша екеуінің видеосын жариялап, Александр Тарадовтың "Мен осы әйелді сүйемін. Қатты сүйем" өлең жолдарымен көркемдеп қойды.

Сонымен қатар әнші жігіттерге кеңес те бере кетті.

"Күнде таңертең жарыңызға "Бүгін ерекше сұлусың" деп айтып қойсаңыз, күніңіз өзгереді", - деді Бүркіт Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары әншінің бұл жазбасымен келісетінін айтып, Аишадай әйелді сүймеу мүмкін еместігін жарыса жазды.

"Мұндай әйелді қалай сүймейсің?", "Бақытты болыңыздар", "Аиша мейірімді, кең жүректі, табиғи сұлулығын сақтаған", "Ерлердің бәрі сіздей болса ғой", "Бір жастықта қартайыңдар", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2019379-aisaga-sezimin-bildirgen-burkit-kopsilikti-suisintti-video/

pixel