Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Дәурен Айдарқұлов жігіттерге әйелді қалай таңдау керектігін айтып, кеңес берді (видео)

Опубликовано:

Дәурен Айдарқұлов
Дәурен Айдарқұлов. Фото: instagram.com/daurenaidarkulov

Отандық актер Дәурен Айдарқұлов бойдақ жігіттерге әйел таңдау жөнінде кеңес берді. Өнер иесі көпшілікке өз тәжірибесін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бойдақтарға арналған кеңесін Дәурен Айдарқұлов Instagram парақшасында жариялады.

"Менің ата-анам, достарым мені бала күнімнен сабырлы деп санайтын. Мен өзім де осындай ойдамын. Сондықтан мен сияқты сабырлы адамға пысық, шапшаң, белсенді әйел керек деп ойлайтынмын. Расымен, солай болды. Менің бірінші және екінші әйелдерім пысық болды.

Бірақ, менің басымдағы ойды өзгерткенде таңғалдым. Сөйтсем, сабырлы ер адамға сабырлы әйел керек екен. Ал шапшаң, белсенді ер адамға сондай әйел керек. Дәл осындай жұптың отбасылық өмірі ұзақ әрі бақытты болатынын статистика дәлелдеген.

Осы жерде бойдақ азаматтарға айтқым келеді. Өзіңіз секілді адамды іздеңіз. Пысық, шапшаң адамға - пысық әйел, сабырлы ер адамға - сабырлы әйел керек. Бақытты болыңыздар", - деді Дәурен Айдарқұлов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Дәурен Айдарқұлов желіде отбасылы өмірде өзі жіберген қателігін бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2019499-akter-dauren-aidarqulov-zigitterge-aieldi-qalai-tandau-kerektigin-aityp-kenes-berdi-video/

pixel