jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Келіншегіме жаны ашыған шығар": Құрмаш Махан мемлекеттен екі бөлмелі пәтер алғанын айтты

    Құрмаш Махан әнші
    Құрмаш Махан. Фото: "Ел" бағдарламасы

    Танымал отандық әнші Құрмаш Махан елу жасында мемлекеттен екі бөлмелі пәтер алғанын айтты. Өнер иесі қуанышын "Ұйқым келмейді" бағдарламасында көпшілікке бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Екі бөлмелі үй алдым. Мемлекет берді. Мемлекет бермесе, мен өзім алмайтын түрім бар. Мемлекетке рахмет, шынын айтайын. "Мына Құрмашқа үй бермесек, үй алатын түрі жоқ" деп, келіншегіме жаны ашыған шығар.

    Елдер бар ақшасына көлік алып, үй алып жатса, мен қолыма ақша бітсе, концертке жұмсай бергем. Қарызға да кіріп, несие алған жағдайым бар да. Соның бәріне шыдап, көніп келген өзімнің жарыма, Құдай қосқан келіншегіме ризамын. Енді соның бәрі еленіп жатыр.

    Ең бастысы, дүние жинау емес. Ол дүниенің қалай келгені. Сонымен қатар өзіңнің жақсы көретін жұмысыңды сабырмен және махаббатпен істеу керек", - деп айтты Құрмаш Махан.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Құрмаш Махан тоғыз танымал хитінің бір аруға арналғанын ашып айтқан болатын.

    "Келіншегіме жаны ашыған шығар": Құрмаш Махан мемлекеттен екі бөлмелі пәтер алғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.