Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ" десе, өзіме тиеді": Ерке Есмахан желі оқырмандарына ашуланды

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстан эстрадасының белгілі әншісі Ерке Есмахан желі оқырмандарына ашуланды. Бұл туралы өнер иесі Instagram stories-те жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақ" десе өзіме тиеді. Неге отырып алып ақыл айқышсыздар, а? Сіздер басқа елдің мәдениетін көрсін, білсін деп Instagram-да бөлісемін. Ешкім "қазақилығыңды тастап, осындай бол" деп жатқан жоқ қой! Бүкіл әлемде не болып жатыр, адамдар қалай өмір сүретінін қарап, әркім өзі үшін сабақ алсын деген әңгіме ғой бұл жерде. "Мулен Ружды" тарихымен түсіндіріп салсам, "ойбай, жартылай жалаңаш, ол не керек бізге?" дейсіздер. Коронацияны көрсетсем, "шал мен кемпір шіркеуде, не бәле, керек емес бізге" дейсіздер. Әншінің концертін көрсетсем "жын-шайтан, құрып кетсін" деп тағы сөйлейсіздер. Неге сонша негативке жатып алғансыздар?.

"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" дегендей. Қорыта айтсам, өзгелердің салтын сыйлайық, өз тамырымызды ұмытпайық", - деді Ерке Есмахан.

әнші
Скриншот. Фото: Instagram stories/erle_esmahan

Еске сала кетсек, бұған дейін жылдың басында шаңырақ көтерген қазақстандық әншілер Ерке Есмахан мен Raim Ұлыбританияға аттанғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2019766-qazaq-dese-ozime-tiedi-erke-esmaxan-zeli-oqyrmandaryna-asulandy/