Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досымжан Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды (фото)

Жарияланған күні:

Досымжан Таңатаров
Фото: Instagram/dossymzhan_tanatarov

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров Астанадағы "Жастар театрының" директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы театрдың Instagram желісінде жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Таңатаров Досымжан Қарпықұлы Астана қаласы әкімдігінің "Жастар театры" директоры лауазымына тағайындалды", - деп жазды театр баспасөзі әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген. "Мәдениет қайраткері", "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері" атанған.

2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясында, Мемлекеттік күзет қызметі ансамблінің солисті, Президент оркестрі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған. 2021 жылдан бастап Жастар театры директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін "Жастар театры" директоры лауазымын актер Әділ Ахметов атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2019905-dosymzan-tanatarov-zana-lauazymga-tagaiyndaldy-foto/