Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Талантты отбасы": Роза Рымбаеваның отбасылық суреті желідегілерді тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Роза Рымбаева және екі ұлы Мәди мен Әли, келіні Ақерке Бүркітбай
Роза Рымбаева және екі ұлы Мәди мен Әли, келіні Ақерке Бүркітбай. Фото: instagram.com/madirymbaev

Желіде Халық әртісі Роза Рымбаеваның отбасымен түскен суреті пайда болды. Жақында әже атанған әншінің балаларымен және келінімен, немересімен серуендеп жүрген сәтін кенже ұлы Мәди Рымбаев Instagram желісіне жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Суреттен немересінің бесік арбасын ұстаған Роза Рымбаева мен кенже ұлы Мәди Рымбаевты және үлкен ұлы Әли Оқапов пен келіні Ақерке Бүркітбайды көруге болады. Жұлдызды отбасы табиғат аясына серуенге шыққан.

Талантты отбасының тыңдармандары Роза Қуанышқызының шаңырағына ақ тілегін жаудырды.

"Қандай талантты отбасы? Мәдениеті де елге мақтанарлық. Жұлдызбын деп, не болса соны салмайды. Адам сүйсініп, өнеге алатын отбасы", "Керемет жанұя", "Бақытты болыңыздар", "Тіл-көзден аман болыңыздар", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаева биылғы жылы алғаш рет немерелі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2019930-talantty-otbasy-roza-rymbaevanyn-otbasylyq-sureti-zelidegilerdi-tanti-etti-foto/

pixel