Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отбасымен шетелде демалыста жүрген Тәуекел Мүсілім көпшілікті сүйсінтті (фото, видео)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім отбасы
Тәуекел Мүсілім әйелімен. Фото: instagram.com/mussilim

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім отбасымен Абу-Дабиде демалысқа аттанған. Актердің жұбайы Instagram желісінде отбасылық суретін көпшілікке бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұл суреттер менің парақшамда болуы керек. Күннің батуы да керемет", - деп жазды Махаббат.

Суреттен қос ұлын құшағына басқан актер мен жұбайын көруге болады.

Кейінірек Махаббат желіге жұбайымен түскен романтикалық видеосын да бөлісті.

Желі қолданушылары Тәуекел Мүсілімнің отбасына бар жақсылықты тіледі.

"Бақытты болыңыздар", "Керемет отбасы", "Қандай жарасымды жұп", "Махаббаттарыңыз мәңгі болсын", - деді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2019957-otbasymen-setelde-demalysta-zurgen-tauekel-musilim-kopsilikti-suisintti-foto-video/

pixel