"Аумайды": Ерке Есмаханның ағасы мен Раимның ұқсастығы желідегілерді таңғалдырды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Ерке Есмаханның ағасы желіде күйеу баласы Раиммен түскен суретін жариялады. Желі қолданушылары әншінің ағасы мен күйеуінің ұқсастығына таңғалуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмаханның ағасы күйеу баласымен түскен суретін Instagram желісіне жариялады.
"Келіншектеріміз ет асып, біз шай қайнатып бердік. Әлемнің қай жерін тамашаласаң да, елімізге жетпейді", - деп жазды Ерке Есмаханның ағасы.
Ал желі қолданушылары Еркенің ағасы мен күйеуі Раимның ұқсастығын жарыса жазды.
"Қайын ағасынан аумайды ғой", "Жастар бақытты болсын", "Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған", "Керемет", "Отбасыңызға бірлік, береке тілеймін", - деп жазды желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ерке Есмаханның ағасы күйеу баласына жыр арнаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020055-aumaidy-erke-esmaxannyn-agasy-men-raimnyn-uqsastygy-zelidegilerdi-tangaldyrdy-foto-video/