"Әніме кейіпкер іздедім": Ескендір Хасанғалиевтің естелігін естіген жұбайы Дарико көз жасына ерік берді (видео)
Жарияланған күні:
Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің жұбайы Дарико Хасанғалиева марқұм күйеуінің өзі жайлы естелігін естіп, көзіне жас алды. "Төрлетіңіз" бағдарламасында композитордың жұбайы Ескендір Хасанғалиевпен қалай танысқанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Видеода композитор Ескендір Хасанғалиев әйелін алғаш көрген сәтін еске алған. Композитордың айтуынша, ол жұбайы Дариконы көрермендер залынан көріп, әндерін арнаған.
"Ол кезде жаспыз. Әндетіп тұрған кезде, залға көз қырымызды тастаймыз ғой. Сол кезде байқағаным, басқа ұлттың өкілі көп екен. Сосын мен де әніме кейіпкер іздедім. Қарасам, бірінші қатарда көзі тостақандай болып, қазақтың бір аппақ, әдемі қызы отыр екен. Қуанып кеткенім сонша, әндерімнің бәрін соған қарап айта бердім", - дейді видеода Ескендір Хасанғалиев.
Ескендір Хасанғалиевтің естелік видеосын көрген жұбайы көз жасына ерік берді.
Бұл ақпаратты Дарико Хасанғалиева да растап, бағдарлама барысында композитормен қалай танысқанын баяндап берді.
"Бұл оқиға Қарағанды қаласында болды. Мен негізі Мәскеуде оқитынмын. Сол сәтте демалысқа келгенмін. Демалыстың соңғы күні, мен заттарымды жинап, ұшаққа дайындалып жатырмын. Сол кезде әкем келіп, "Бүгін сендерге тосынсый жасаймын. Жас композитор Ескендір Хасанғалиевтің концертіне екі билет әкелдім" деді. Мен "Әке, мен таңғы 5-те ұшамын. Мен қалай барамын концертке" дедім. Әкем "Мен ештеңе білмеймін. Құрбыңмен бірге барып қайт" деп айтты. Сонымен келдік, бірінші қатарда отырдық.
Сол кезде сахнаға Ескендір шықты. Көрермендер оны керемет қарсы алды. Маған әрине ұнады", - деп еске алды Дарико Хасанғалиева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020071-anime-keiipker-izdedim-eskendir-xasangalievtin-esteligin-estigen-zubaiy-dariko-koz-zasyna-erik-berdi-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.