Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерболат Беделхан: Моңғолияда бірінші ру сұрамайды

Опубликовано:

Ерболат Беделхан
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Орда" тобының әншісі Ерболат Беделхан Моңғолияда қазақтардың алдымен ру сұрамайтынын айтты. Әнші "Қазақты қазақ ететін не" деген сауалға жауап берді, деп жазады EL.KZ.

Әншінің айтуынша, әр саладағы белгілі бір нәрсені дұрыс емес деп айта беру адамның еркіндігін қысу болып есептеледі. Сондықтан өз таңдауын жасаған адамды "қазақ емес деу – қате пікір" дейді.

"Мен үшін қазақ болу қиын емес. Қазақ дегеніміз – біздің ішкі жай-күйіміз. Егер сен ішкі жағдайыңды түсінсең, онда сен қазақсың. Адам өзінің таңдауын өзі жасайды. Бірі дін жолына түссе, екіншісі шашын бояуды, үшіншісі басқа бір бағытты таңдаса, демек ол қазақ бола тұра өзінің жолын өтіп жатыр деген сөз", - деді продюсер.

Сондай-ақ ол өзінің туған жерінде рудың қалай сұралатынын айтты.

"Бізде, Моңғолияда бірінші ру сұрамайды. Алдымен "Елің кім" деп айтады. Мен "Керей" деп жауап беремін. Содан кейін барып, "Керейдің ішінде руың кім" деп сұрайды. Мен "Абақты кереймін" деймін. Үшінші сұрағын "Сүйегің кім" деп қояды. "Ителімін" деп айтамын. Ең соңында "Жеті атаңды ата" дейді.

Демек, қазақ болу деген – көне кезеңнен қалып қойған қазақтық болмысты көтеріп, өзіңнің жеті атаң мен ата-бабаңның аруағының бар екенін қабылдау", - деді Ерболат Беделхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020254-zeti-atandy-ata-erbolat-bedelxan-mongoliyada-adamdardyn-birinsi-ru-suramaitynyn-aitty/

pixel