Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіңді бірінші орынға қой": Айым Сейтметова оқырмандарына кеңес берді

Опубликовано:

Айым Сейтметова
Айым Сейтметова. Фото: instagram.com/aiymsm/

Актриса Айым Сейітметова Instagram-дағы парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Сейітметова жазылушыларына жеке өмірі туралы және өзіңді сүю, құрметтеуді үйрену қаншалықты маңызды екендігі жайлы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Оқырмандары актрисадан күйеуімен ұрысып қалғанда не істейтіні туралы сұрады.

"Ештеңе. Негізі үзіліс жасаймын. Мен өз жұмыстарыммен айналысамын. Сондай-ақ ештеңені ерегесіп істемеу керек, мен бұрын солай жасағанды жақсы көретінмін, бірақ қазір мен әдеттегі күн сияқты өткіземін. Содан кейін сөйлесіп, ымыраға келеміз", - деп жауап берді Сейітметова.

Айым Сейтметованың Instagram-дағы сториздері
Айым Сейтметованың Instagram-дағы сториздері. Скриншот: instagram.com/aiymsm/

Оқырмандарының бірі өзін күйеуінің тастап кеткенін, баламен жалғыз қалғанын және одан татуласуды бірнеше рет сұрағанын айтып берді.

"Қыздар, бірінші және ең маңызды ереже: өзіңізді бірінші орынға қойыңыз. Ыңғайлы өмір сүріңіз, өзіңізді ұнатыңыз, жақсы көріңіз, құрметтеңіз. Сонда барлық жұмбақ шешіледі. Біз шынымен күштіміз. Біз балаларды аяққа тұрғыза аламыз, өзіңізді қамтамасыз етіңіз. Бізге тек бірінші пунктті реттеу керек", - деп кеңес берді актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020336-ozindi-birinsi-orynga-qoi-aiym-seitmetova-oqyrmandaryna-kenes-berdi/

pixel