Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Асар ауруханаға түсіп қалды (фото)

Жарияланған күні:

Тамара Асар
Тамара Асар. Фото: instagram.com/tamara_assar_official

Отандық әнші Тамара Асар ауруханаға түсіп қалғанын айтты. Өнер иесі бұл жайлы Instagram парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазір ауруханадамын. Жағдайым түскен кезден әлдеқайда жақсы. Шүкір", - деп жазды Тамара Асар.

Ал желі қолданушылары әншінің сауығып кетуіне тілектес болып, пікір қалдырды.

"Алла шипасын берсін", "Сауығып кетіңіз", "Ауырма, батыстың батыр қызы", "Тезірек жазылып кетіңіз", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 45 жасында ана атанған Тамара Асар алғашында жүктілігі жайлы хабарды көпшіліктен жасырғанын айтты. Әнші аяғының ауыр екенін білгенде қуанышын жариялауға ұялған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020433-tamara-asar-auruxanaga-tusip-qaldy-foto/