Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал актер Бақтияр Қожаның тойдағы биі желіні жарды

Опубликовано:

Бақтияр Қожа
Бақтияр Қожа: Фото: exk.kz

Отандық танымал актер Бақтияр Қожаның тойдағы видеосы желіге тарады. Өнер иесінің биі көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актердің видеосы kizik__live Instagram парақшасында жарияланды.

Видеодан мейрамхана ортасында әйел кісімен жарыса билеген Бақтияр Қожаны көруге болады.

Ал өнер иесінің биіне қатысты желі қолданушыларылары түрлі пікір білдірді.

"Жарасымды билеп жатыр", "Тойда билегеннің айыбы жоқ", "Мәдениетті билесе, несі бар", "Тойда билеу керек", "Қалай тартымды", "Ерсі дүние көріп тұрған жоқпын", - деді желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылдың қаңтарында актер Бақтияр Қожаның жұбайы өмірден өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020452-tanymal-akter-baqtiyar-qozanyn-toidagy-bii-zelini-zardy-video/

pixel