Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарызға батыратындардан шаршадым": Әсел Асқар үшінші рет қандай азаматқа тұрмысқа шығатынын айтты

Опубликовано:

Әсел Асқар
Әсел Асқар. Фото: instagram.com/assel.askar

Отандық актриса, блогер Әсел Асқар қайта тұрмысқа шығуға қатысты көзқарасын айтты. Танымал блогер NEGE.KZ сайтына берген сұхбатында үшінші рет отбасы құруы үшін қандай ер азамат керектігін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі бұл жолы өзіне махаббатын іспен дәлелдейтін жігіт керектігін жеткізді.

"Әрине. Десе де, мынадай немесе анандай жігітке тұрмысқа шығамын деп айта алмаймын. Себебі, екінші рет күйеуге шығарда солай деген едім. Бірақ мен қалағандай болмады. "Таңдаған тазға жолығады" деген бар.

Әйткенмен, өзінің махаббатын іспен дәлелдейтін жігітті қалаймын. Себебі, қарызға батыратындардан шаршадым. Маған жақындайтын ер азаматтың рухы күшті болу керек. Әдемі сөзге ере кететін жастан өттім. Өзім сияқты қайырымдылықты жаны қалайтын, қажет кезде алақанда аялап, еркелететін ер мінезді күшті адам керек. Себебі, өзімнің ішкі менім мықты екенін білемін", - деді Әсел Асқар.

Сонымен қатар актриса егер болашақ жұбайы қамтамасыз ете алса, үйде отыруға да дайын екенін ашып айтты.

"Егер мені асырай алса, баланы тауып, қазан-ошақтың басында отырудан тартынбаймын. Түсіне білгенге ол да бақыт қой", - деді Әсел Асқар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020513-qaryzga-batyratyndardan-sarsadym-asel-asqar-usinsi-ret-qandai-azamatqa-turmysqa-sygatynyn-aitty/

pixel