Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегей келіншегі мен жетінші баласын перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Опубликовано:

Абай Бегей келіншегімен, ұлымен
Абай Бегей келіншегімен, ұлымен. Фото: instagram.com/abai_begei

Отандық әнші Абай Бегейдің жақында жетінші баласы дүниеге келген болатын. Өнер иесі келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы Абай Бегей Instagram парақшасында бөлісті.

Абай Бегей келіншегімен және балаларымен
Абай Бегей келіншегімен және балаларымен. Фото: instagram.com/abai_begei

Видеодан әншінің жұбайын перзентханадан шығарып алу үшін бір құшақ гүлімен, шарлармен және туған-туысымен, ересек балаларымен келгенін көруге болады.

Кейінірек әнші жақындарының басын қосып, қымызханада дастархан жайған.

Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегей бірнеше күн бұрын ұлды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020683-abai-begei-kelinsegi-men-zetinsi-balasyn-perzentxanadan-sygaryp-aldy-foto-video/

pixel