Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы күйеуіне тоқал әперуге қатысты көзқарасын айтты

Жарияланған күні:

Тұрсынбек Қабатов жұбайымен
Тұрсынбек Қабатов жұбайымен. Фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_official

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы күйеуіне тоқал әперуге қалай қарайтынын айтты. Асхат Садырбайға сұхбат берген Мөлдір Мұқанова жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кез келген әйел сияқты, мен тоқал алуға қарсымын. Иә, әрине. Ондай шешімі болса, жолың ашық деймін. Бірге өмір сүрмеймін", - деді Мөлдір Мұқанова.

Сонымен қатар Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовтың қызғаншақ екенін де ашып айтты.

"Алтыда жұмыстан шығамын. Алтыдан жиырма кеткенде үйде болмасам, у-шу басталып кететін. Азаматым (Тұрсынбек Қабатов - ред.) қызғаншақ болды. Бірінші қызымды босанғаннан кейін өте әдемі болып кеттім. Өмірімде болмаған 60 келі салмақта болдым. Жасарып кеттім. Қызғана бастады. Сағат 18:05-те жұмыстан шықпасам, екінші қабатқа тарс еткізіп тас лақтырады. Бір кабинетте он адам отырамыз, ұят қой.

Одан кейін ұлттық банкке жұмысқа тұрдым. Сол жерде бас экономист болып жұмыс істедім. Мемлекеттік бағдарламамен үш бөлмелі үй алдық. Сөйтіп, төртінші балаға аяғым ауыр болғаннан кейін мемлекеттік қызметпен қоштастым", - деді Мөлдір Мұқанова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов екеуінің үйлену тойы қалай өткенін айтып, жан сырын ақтарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020737-tursynbek-qabatovtyn-zubaiy-kuieuine-toqal-aperuge-kozqarasyn-aitty/