Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кет деген соң кет": айтыскер Дидар Қамиев Жүрсін Ерманмен болған қызықты оқиғасын айтты

Опубликовано:

Дидар Қамиев
Дидар Қамиев. Скриншот: "Кімнің есінде" бағдарламасы

Айтыскер Дидар Қамиев "Кімнің есінде" бағдарламасында жан сырын ақтарды. Айтыскер бағдарлама барысында басынан өткен қызық оқиғасын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ержеңіс (Әбдиев - ред.) деген сұмдық ақын шығып, Жалаңтөстің айтысында аяқ астынан қатысып, сол айтыстың жаңалығы болды. Іле-шала Ринатпен (Зайытов - ред.) айтысты. Жезқазғанға келді. Ержеңіспен айтысасың дегенде не айтамын? Содан басталған айтыс қой. Үш бөлім бойы Ботакөз туралы айтқанбыз. Өзі шілдеде болған айтыс. Айтыс өткен жоқ, халық қабылдаған жоқ.

Бір кезде гүр ете қалған дауыс шықты. Сөйтсем, Жүрсін (Ерман - ред.) аға екен. Сосын "Аға, бір шумағым бар. Айтып жіберейінші" дедім. Сөйтсем, "Кет дедім ғой, мен саған. Кет деген соң кет дедім ғой" деді. Ең сорлы айтыс біздікі болды. Сол айтыстан кейін енді айтыспаймын деп шештім", - деп күлді айтыскер.

Сонымен қатар айтыскер кейінірек Жүрсін Ерманның айтыскерлер тізіміне тағы қосқанын айтты.

"Кейін Жүрсін аға өзі Қарқаралыда өткен айтысқа өзі қосыпты. Екі айдан кейін еді. Бірақ ол уақытта әкем өмірден өтіп, қырқын беретін болдық. Мен ол айтысқа барған жоқпын. Алдындағы айтыстан кейін қалай тізімге қосқанына әлі таңғалам", - деді Дидар Қамиев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін айтыскер Дидар Қамиевтің әнші Ұланғасыр Қамиевтің ағасы белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020776-ket-degen-son-ket-aitysker-didar-qamiev-zursin-ermanmen-bolgan-qyzyqty-oqigasyn-aityp-berdi/

pixel