Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шай беретін келін болмай тұр": Заңғар Нұртастың әкесі оған қайта отбасын құруға кеңес берді (видео)

Опубликовано:

Заңғар Нұртас пен оның әкесі
Заңғар Нұртас пен оның әкесі. Скриншот: Instagram / @aidarbekov_nurtas

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков Instagram желісінде кенже ұлы Заңғармен түскен видеосын жариялады. Жуырда ғана ажырасқан Заңғарға әкесі үйге келін әкелуге кеңес берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода әке мен бала Шымкенттегі Заңғардың пәтерінде дастархан басында отырғанын көруге болады. Әкесі оған бәрі ұнайтынын, тек ұлының отбасы болғанын қалайтынын айтты.

"Бәрі жақсы, шай беретін келін болмай тұр. Балам келінді көрсете ме деп келдім. Келін болса көріп, үй-жай бар екен, менікі сол ғой, басқа проблема жоқ. Келін болса мына қасықтарға ие болады", – деді Нұртас Айдарбеков.

Айдарбековтердің видеосын көрген желі қолданушылары Заңғарға тезірек келін әкелуге кеңес берді.

"Заңғар бақытты болсын", "Келінін тезірек үйге әкелсін, той көрейік", "Бәріміз бала-шағаның шаңырақ көтергенін қалаймыз, ал біз тезірек немере көргіміз келеді", "Заңғардың жақсы жар табатынына сенімдімін", - деді желі қолданушылары.

Айта кетейік, Заңғар Нұртас жары Жібекпен ажырасып кеткенін осыдан бірнеше ай бұрын мәлім етті. Олар 2022 жылдың наурызында шаңырақ көтерген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020829-sai-beretin-kelin-bolmai-tur-zangar-nurtastyn-akesi-ogan-qaita-otbasyn-quruga-kenes-berdi-video/

pixel