Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғазизхан Шекербеков ұлының сүндет тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Опубликовано:

Ғазизхан Шекербеков отбасымен
Ғазизхан Шекербеков отбасымен. Фото: instagram.com/gazizkhan

Отандық әнші Ғазизхан Шекербеков ұлын сүндеттеп, дүркіретіп той жасады. Әншінің қуанышына жиналған өнердегі әріптестері тойдың естелігін желіде жарыса бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғазизхан Шекербеков жасаған сүндет тойға Мейрамбек Бесбаев жұбайымен, Мөлдір Әуелбекова, Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева, Мөлдір Мұқанова, Қайрат Нұртас бастаған өнер иелері жиналған.

Мұқанова, Әуелбекова, Тоқтар мен Бейбіт, т.б өнер адамдары
Мұқанова, Әуелбекова, Тоқтар мен Бейбіт, т.б өнер адамдары. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Сонымен қатар тойды әншінің сүндеттелген ұлы Димаш Ғазизханұлы бимен ашты.

Мөлдір Әуелбекова да әріптесінің тойында биімен ерекшеленді. Ал Қайрат Нұртас тойда қонақтарға ән шырқады.

Сонымен қатар сүндет той барысында әншінің сүндеттелген ұлын батыр киімін киген жігіттер ортаға тақпен алып шықты. Осы сәтте Ғазизхан Шекербеков "Ұлыма ақыл" әнін орындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020888-gazizxan-sekerbekov-ulynyn-sundet-toiyn-durkiretip-otkizdi-foto-video/

pixel