Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екінің бірі көтермейтін сынақ": айтыскер Аманжол Әлтаев сүйікті жары мен кенже қызынан айырылған кезін еске алды

Опубликовано:

Аманжол Әлтаев эфирде
Аманжол Әлтаев. Фото: "Хабар" арнасы

Осыдан 16 жыл бұрын айтыскер ақын Аманжол Әлтаевтың өмірінде ауыр қайғы орын алды. Оның асыл жары Ақмарал мен сүйікті қызы Ханзада жол апатынан қайтыс болған еді. "Алғашқы" жобасында қонақ болған ақын өміріндегі қиын кезеңдерді еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Екінің бірі көтере алмайтындай сынақ болды. Расында, отбасымыз қанатын енді жая бастағанда, тосыннан болған қайғы болды. Асыл жарым Ақмарал мен қызым Ханзаданың жол апатынан кетіп қалғаны Алла тағаланың маған берген ең үлкен сынағы еді. Өмірдің өзі күңгірттеніп, мән-мағынасы қалмай, елдің ортасына барғым келмей, ешкіммен сөйлескім келмей, оңашалана беруді қалайтын сәттер болды. Үйімнің ішіне кіргім келмейтін, бұлыңғыр, бір-біріне ұқсас күндер өтті.

Бірақ соның барлығынан өтуіме жанымдағы достарым, мені қадірлейтін, мені сыйлайтын ең жақын, жанашыр туыстарым, аяулы жандардың берген ақыл-кеңесі маған көп көмектесті. Жарым қайтыс болғаннан бастап намазға жығылдым. Тығырықтан шығатын жол іздеп, жанталасқан кездегі ең үлкен ақылшым - Абай атам болды.

Әрине, ең үлкен себеп - уақыт. Уақыт өте келе жара біртіндеп жазылады. Балалар өседі, немелерім бар. Осының барлығы өмірдің тек қара жолақтан тұрмайтындығын, бүгін сені мұңайтқан Алла ертең қуанта да білетінін сезіндім. Сол үшін тәубеме келдім. Анасынан айырылғанда төрт жаста болған Ақжолтайым қазір жиырмаға аяқ басты. Үлкен қызым 4-5 оқитын кезінде қалған, қазір одан екі жиен сүйіп отырмын", - деді айтыскер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2021433-ekinin-biri-kotermeitin-synaq-aitysker-amanzol-altaev-suiikti-zary-men-kenze-qyzynan-aiyrylgan-kezin-eske-aldy/

pixel