Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"15 жасымда мектеп бітірдім": Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы ел білмейтін құпиясын бөлісті (фото)

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев жұбайымен
Мейрамбек Бесбаев жұбайымен. Фото: instagram.com/marhabat1210

Отандық танымал әнші Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы желіде ел білмейтін құпиясын бөлісті. Әншінің әйелі Мархаббат Instagram желісінде 15 жасында мектеп бітіргенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі әншінің жұбайынан "Сіз мектепті жақсы оқыпсыз, иә? Бірінші сыныптан бірден екінші сыныпқа көшкеніңіз рас па?", - деп сұрады.

Ал Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы бұл ақпаратты растап, 15 жасында мектеп бітіргенін айтып берді.

"Иә, ол рас. Бірінші сыныпты оқып, бірден үшінші сыныпқа жіберді. Екінші сыныптың бағдарламасын біледі деді. Жақсы оқығаным үшін үшінші сыныптан кейін бесінші сыныпқа ауыстырды. 15 жасымда мектеп бітірдім", - деп жауап берді әншінің жұбайы Мархаббат.

Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы
Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы. Скриншот: instagram.com/marhabat1210

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2021517-15-zasymda-mektep-bitirdim-meirambek-besbaevtyn-zubaiy-el-bilmeitin-qupiyasyn-bolisti-foto/

pixel