Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірден келістім: Альбина Шардарова Қуандық Рахымның өзіне қандай ұсыныс жасағанын баяндады

Опубликовано:

Қуандық Рахым мен Альбина Шардарова сахнада ән салуда
Қуандық Рахым мен Альбина Шардарова. Фото: "Хабар" арнасы

Танымал әнші, хит әндердің орындаушысы Қуандық Рахымға "Жақсы адамдарым" бағдарламасының бір шығарылымы арналды. Аталған жобада қонақ болған Альбина Шардарова әншімен қалай танысқанын көпшілікке баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз Қуандықпен бір үйдің балаларындай боп кеттік. Міне, танысқанымызға жеті жылдан асты. Сахнаға алғаш рет Қуандықтай азаматпен шыққаныма мақтанамын. Екеуміз үлкен сахнаға шықпай тұрып таныстық. 2016 жылы "Уайымдама" және "Сенің күлкіңнен аумайды" әндері жастар арасында хит болып жатқан. Ол кезде студентпін, гитарамен өлең айтып жүретінмін. Бір әнін инстаграмға жүктедім. Сол кезде таныстық Қуандықпен.

Шамамен бір жылдан кейін: "Маған сәйкес, өзімізге ұнайтын қыз іздеп жатырмыз. "Болайық бірге" әнін айтуға ұсыныс жасасам бола ма?", - деді. Бұл кезде бейнебаянның түсіріліміне бір апта қалған еді. Бірден келістім, қуана-қуана. Бұл Қуандық екеумізге үлкен септігін тигізген ән болды. Көпшілік бізді сол әнмен таниды", - деді Альбина Шардарова.

Айта кетелік, Альбина Шардарова мен Қуандық Рахым бірнеше хит әндерді дуэт ретінде орындап шыққан. Әсіресе, "Болайық бірге" әні көпшілік арасында кеңінен танымалдыққа ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2021538-birden-kelistim-albina-sardarova-quandyq-raxymnyn-ozine-qandai-usynys-zasaganyn-bayandady/

pixel