Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жан сырымды ақтармаймын": Әсел Асқар жеңгесі Аишамен қарым-қатынасы туралы айтты

Жарияланған күні:

Әсел Асқар
Әсел Асқар. Фото: instagram/assel.askar

Желідегі танымал блогерлердің бірі, әнші Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар жеңгесі Аишамен қарым-қатынасы қалай екенін айтып берді, деп жазады Nege.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жеңешемді өте жақсы көремін. Десе де жан сырымды ақтарып отырамын дей алмаймын, қалай дегенмен де субординация ұстаймын. Бұл енді әр адамға тән қатынас деп ойлаймын", - деді Әсел.

Айта кетелік, Әсел Асқар өзін қарызға батырып кететін жігіттерден шаршағанын айтып, бұдан былай өзін асырайтын адамға ғана тұрмысқа шығатынын айтқан еді.

Ал екінші күйеуімен блогер кішкентай сәбиінің қазасынан соң ажырасып кетті.

Сондай-ақ белгілі блогер өміріндегі ең қиын кезеңдерді еске алып, бала күнінде зорлық-зомбылыққа тап болғанын да жасырмай айтты.

Қазіргі таңда блогер көпшіліктен көлік алу үшін ақша жинап, жиылған қаражатты қайырымдылыққа жұмсаған. Осылайша, ол алты айлық ұлының мезгілсіз қазасынан соң өзіне жұбаныш тапқанын жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2021680-zan-syrymdy-aqtarmaimyn-burkittin-qaryndasy-asel-asqardyn-zengesi-aisamen-ara-qatynasy-qalai/