jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Арада қатты сезім болмады": белгілі журналист бірінші күйеуімен ажырасуының басты себебін атады

    Арай Әлімхан
    Арай Әлімхан. Фото: instagram/aray_alimkhan

    Белгілі журналист әрі актриса Арай Әлімхан "Мамский әңгіме" жобасында қонақ болып, өзінің бірінші күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін ашық айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Артымнан жүгіріп жүрген көп жігіттің ішінен ең байсалдысын, ең ақылдысын, маған жаны ашып тұратынын таңдап алдым. Күйеуім жаман адам болды деп айта алмаймын. Бірақ арада қатты сезім болмаса, менталитет жағынан алшақтық болса, бірге тұрып кету қиын екен. Қанша жерден өзгеремін деп шештім. Ол да тырысты, мен де тырыстым. Отбасы болып кете алмадық. Мен келгеннен өзімді өз үйімдегідей сезінбедім. Уақытша тұратын орын сияқты болды. Бәрі уақытша, өтеді де кетеді деген сезім болатын.

    Ең жаманы - күйеуім мені түсінуге тырыспады. "Ақша тауып жатырмын, сені ұрмаймын, қыдырмаймын. Саған не керек?", - дейтін. Дәл сол әңгімені маған анам да айтты. Бірақ біздің арамызда жылулық болған жоқ. Егер жылулық болмаса, жан-дүниеңді түсінетін адам болмаса, онымен қалай қартаясың?

    Бұл шешімге келу қиын болды. Жаңа жылды бірге қарсы алдық. Сол кезде бірге тұрмайтынымызды түсіндім. Жаңа жылдың үшінші күнінде бірге тұрмаймыз деп шештік. Ол түсінді, екеуміз ұрсысып қалдық. Біраз уақыт бөлек тұрдық. Әрине, ортада бала бар, ажырасу оңай болмады. Соттастық. Ол ұлымен араласады. Бұрынғы ата-енеммен де сәлемім түзу. Олар басында маған ренжіді. Өйткені, ара-қатынасымыз жақсы еді. Мен күйеуіммен емес, ата-енемнен алшақтағаныма жүрегім ауырды", - дейді Арай Әлімхан.

    "Арада қатты сезім болмады": белгілі журналист бірінші күйеуімен ажырасуының басты себебін атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.