Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі баламыз да қасымызға жатпайды": танымал актердің әйелі балаларын енесіне табыстағанын айтты

Жарияланған күні:

Айжан Жұмабекова
Айжан Жұмабекова. Фото: Ел арна

Танымал актер Шерхан Пірназардың жұбайы бала тәрбиесін толығымен енесіне тапсырғанын айтты. Бұл туралы ол "Төртеу түгел" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актердің айтуынша, Қызылорда аймағында бала туылған соң оны бірден әжесіне табыстайды.

"Біздің Қызылорда жақта, басқа өңірлерде де бар шығар енді, баланы әжесіне табыстаймыз. Мамасы қырқынан шығарып береді. Екі бала да сол жақта. Біздің қасымызға мүлдем келмейді. Жыласа да әжесіне барады. Көбісі Айжанға таң қалып, кеше ғана босандың, қалай жүрсің деп жатады", - дейді Шерхан.

Күйеуінің бұл сөзін Айжан да растады.

"Екі баламыз да қасымызға жатқан емес. Екеуі де әжесінің қасында.Тамағын да сол береді. Бірінші қызымды алты ай қарадым. Үлкені болған соң. Ал екіншісінде екі-ақ ай отырдым. Бәрі айтады: "Сенің өмірің күшті", - дейді. Шүкір, мамамыз бар. Көбісі енелерімен тұрғысы келмейді. Мен керісінше айтамын. Басында мамаға: "Жассыз ғой, неге күйеуге шығып алмайсыз?" дейтінмін. Бала туылған соң қаншама көмектесті ол кісі. Қазір тұрмысқа шықпай-ақ қойыңыз деп айтамын (күлді)", - деді Айжан Жұмабекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2021902-eki-balamyz-da-qasymyzga-zatpaidy-tanymal-akterdin-aieli-balalaryn-enesine-tabystaganyn-aitty/