Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жабайықшы бұл "теманы": TikTok-қа тіркелген Мадина Сәдуақасова көпшілікке өтінішін айтты

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram / @sadvakasovamadina

Қазақстандық әнші Мадина Сәдуақасова көпшіліктен тауда болған жайтты екінші қозғамауын өтініп, желі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мадина Сәдуақасова "Медеу" спорт кешініндегі баспалдақтармен көтерілген сәтіндегі видеосының дауысы Tiktok әлеуметтік желісінде түрлі видеоларға қосылып жүргеніне наразылық білдірген. Ол бейнежазбаға байланысты тақырыпты жауып, бұдан былай қозғамауын өтінді.

"Қой, құрсын, түсейін жерге таудан. Тик-Токқа тіркеле қойып едім, тек өзімді және дауысым қойылған неше түрлі видеолар көріп кеттім. Таудағы “Муха-ның“ жыры бітті ме өзі? Жабайықшы бұл “теманы", - деді әнші өзінің Instagram парақшасындағы жазбасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін отандық әнші Мадина Сәдуақасованың "Медеу" спорт кешініндегі баспалдақтармен көтерілген сәтіндегі видеосы желіде таралып кеткені туралы жазған болатынбыз.

Желі қолданушылары әншінің бұл видеосын ұнатпай, түрлі пікір білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022036-zabaiyqsy-bul-temany-tiktok-qa-tirkelgen-madina-saduaqasova-kopsilikke-otinisin-aitty/

pixel