Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қателік болды": Жеңіс Ысқақова өзінен 18 жас кіші жігітпен хайп жасаған Шаһизада жайлы не айтты

Опубликовано:

Шаһизада мен Ерболат Ержанбаев
Шаһизада мен Ерболат Ержанбаев. Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Әнші Шаһизаданың өзінен 18 жас кіші өнердегі інісі Ерболат Ержанбаевпен көңіл қосқаны туралы жаңалық лезде таралды. Кейін әншілер мұны жоққа шығарып, хайп үшін жасағанын мәлімдеген. Бұл оқиғаға Жеңіс Ысқақованың да қатысы бар болып шықты, деп жазады "Ұйқым келмейді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Шаһизада менің замандасым, курстасым. Эстарада колледжінде Зейнеп Қойшыбаева апамыздың курсын бітірген шәкірті. Бір концерт өтейін деп жатқан. Грим жасайтын бөлмеде мен, Шаһизада және Ерболат үшеуміз отырдық.

Сол кезде Ерболат желіге салатын видео түсіріп жүрді. Ерболат менің өнердегі інілерімнің бірі. Ол менімен, сосын Шәкеңмен суретке түсті. Шаһизада өзі көңілді адам ғой. "Жеңіспен түссең апалы-інілі боласыңдар. Ал менімен түссең екеумізді қосып қояды", - деді. Сосын мен де: "Осыны пайдаланып, хайп жасап алыңдар. Шаһизада ондайға үйреніп қалған ғой", - дедім. Екеуі келісе кетті. Осылай қалжыңнан басталған дүние ғой. Сол жерде хайп болып, солай кетуі керек еді. Соны жаңалай бермеуі керек еді. Құрбымның қателігі ма, қадамы ма...

Бір бағдарламада астарлап келтірді. Мүмкін, өз махаббаты туралы айтқан шығар, білмеймін. "Жүрегіме от түсті", - деп ойнатты. Соны ойнатқаннан кейін, неге алдайды деп... Көп әңгіме іздейтін көрермендер көп жазады. Ал хайп іздемейтіндер мән бермейді. Өсек іздейтіндер өрбітіп алып кетті. Түсініспеушілік те болды, менің әріптестерім де қателік жасады. Бір хайп болғаннан кейін, сонымен кетуі керек еді", - деді Ысқақова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шаһизада әріптесі Ерболат Ержанбаевпен бірге хайп жасап, елді шулатқаны үшін өкінбейтінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022061-qatelik-boldy-zenis-ysqaqova-ozinen-18-zas-kisi-zigitpen-xaip-zasagan-sahizada-zaily-ne-aitty/

pixel