Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат - әнші, Димаш - ғұлама": Медеу Арынбаев танымал жұлдыздарға өз бағасын берді

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртастың фотосуреті
Қайрат Нұртас. Фото: instagram/kair_n

Еліміздегі әйгілі әншілердің бірі Медеу Арынбаев отандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздар - Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенге баға берді, деп хабарлайды Базарlike бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Өнерді аздап үзіп алған кезеңдеріміз болды. Әттеген-айымыз бар. Әнші деген ұғым биік тұруы керек. Әнші деген бұрын бөлінетін. Эстрадалық әнші, дәстүрлі әнші, термеші, классикалық әнші деп кете беретін. Қазір әнші дегеніміз тек бір ұғым. Классикалық әншілердің көбісі ән айта алмайды. Барлығына топырақ шашпаймын. Олардың бәрі классикалық шығармаларды орындайды", - деді Медеу Арынбаев.

Осы арада жүргізуші: "Қайрат Нұртас әнші ме, орындаушы ма? Димаш ше?", - деп сұрады.

"Қайрат - әнші. Димаш үлкен әнші, орындаушы, ғұлама. Бұл тылсым жаңалық біз үшін. Дауыс бар. Ол бала күнінен қойылған дауыс қой. Ата-анасы Қанат пен Светаны білемін. Отбасымен әншілер. Бұған ғылыми көзқараспен қарау керек. Феномен ол. Келешекте Димаштың мектебі қалыптасуы керек", - деді әнші.

Еске сала кетейік, сұхбат барысында Медеу Арынбаев жеке өміріндегі жаңалықтарды да бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022164-qairat-ansi-dimas-gulama-medeu-arynbaev-tanymal-zuldyzdarga-oz-bagasyn-berdi/