Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты ауырды": Мейрамбек Бесбаев анасының қатерлі ісікке шалдыққан сәтін еске алды (видео)

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев
Мейрамбек Бесбаев. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

Отандық әнші Мейрамбек Бесбаев анасының ауыр дертке шалдыққаны жайлы алғаш рет айтып, жан сырын ақтарды. "Алғашқы" бағдарламасына келген әнші анасына Сеулде ота жасалғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анам қатты ауырды. Сеулге барып, ота жасайтын болды. Отаны таңнан-кешке дейін жасады. Сол кезде неге дәрігер болмадым деген іштей күйзеліс болды. Осы күнге дейін ең болмаса қарап жүретін едім. Әншілікпен қазір отырмын, көмектесе алмаймын деген шарасыздық болды.

Сол кезде дәрігер болғым келді. Неге мен көмектеспеймін, неге ота жасай алмаймын дедім. Ең сауапты істің төресі осы дәрігерлер ме деп ойлаймын.

Анам өзі анау-мынауға беріле бермейтін адам. Анам мықты мінезді кісі. Жазылып кетесің, ештеңесі жоқ. Мен де 2007 жылы келдім ғой. Мен сізге тартсам, жазылып келдім. Мен кімге тартқанмын, көрсетіңіз дедім. Отадан кейін анам қатерлі ісікті жеңіп шықты, - деді Мейрамбек Бесбаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мейрамбек Бесбаевтың анасы әнші жайлы ел білмейтін құпиясын бөліскен болатын.

Әншінің анасының айтуынша, Мейрамбек Бесбаевқа домбыра өздігінен қонған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022473-qatty-auyrdy-meirambek-besbaev-anasynyn-qaterli-isikke-saldyqqan-satin-eske-aldy-video/

pixel